С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі бойынша республикалық «Қауіпсіздік мектеп автобусы»акциясының іс-шаралар бойынша атқарылған жұмыстардан хабарлама.

 

Құрманғазы аудандық білім бөлімі облыстық білім беру басқармасының 2020 жылы 23 қыркүйектегі № 15-4-13\2073 санды хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен мектеп тасымалдауын ұйымдастыру   кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  2020 жылдың 22 қыркүйек 25 қазан  аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы»  республикалық акциясы өтуде.Осы орайда мектептің әлеуметтік педагогы А.Куанышева  мектептің кезекші сыныптары (тасымалданатын оқушылар) оқушылармен  ацкияның мақсатымен,жолда жүру ережесімен таныстырып,жол  қауіпсіздігін есте сақтауға,білуге шақыру бағытында түсінік жұмысын жүргізді.Акцияның мақсаты:балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзегем асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

 

1-4 сынып аралығында «Жол белгілері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.Мақсаты:Жол ережелерін есте сақтау,қабілетін,қызығушылықтарын арттыру.Сынып сағаттарында оқушыларымыз жол ережелерін,жол белгілері бойынша сұрақтарға жауап беріліп,ойындар арқылы ойларын дамытты.

Бастауыш сыныптармен «Қауіпсіздік шұғыласы» тақырыбында сурет  сайысы өтті.Оқушылар белсенді қатысты.

 

5-8 сыныптармен сынып жетекшілері қашықтықтан «Жол ережесін білейік!»сынып сағаттарын өткізді.

 

Сондай-ақ  автокөліктің техникалық талаптарға сәйкестігін,техникалық бақылаудың бар болуы және жарамдылығы туралы мәліметтер,балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктің  техникалық байқаудан өтуін,жүргізушінің құрамын (тиісті санаттарының болуына,жүргізушінің өтілі)тексеру,қозғалыс схемасының бар болуы барлығы тексерілді. Барлығы да талапқа сай.

Акция барысында өтілген шаралар әлеуметтік желіге (фейсбук) салынды.

 


С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі бойынша республикалық «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясының  іс-шаралар бойынша атқарылған жұмыстардан хабарлама

С.Н.Имашев атындағы жалпы орта  мектебінде  жол қауіпсіздігі  ережелері бойынша жолда жүру, өмір қауіпсіздігі  ережелерінің сақталуын үйрету оқушылардың көшеде жүру ережелерін жетік білуге , есте ұстауға машықтандыру мақсатында «Қауіпсіз мектеп автобусы»республикалық акциясы болып өтті. Жалпы мектеп бойынша 31 оқушы тасмалданады. Тасмалданатын оқушыларға арнайы мұғалімдерден кезекшілік тағайындалып, олардың өмір қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар бекітілді. Қауіпсіз мектеп автобусы республикалық акциясының іс-шаралар жоспары жасақталып бекітілді. 1-11 сыныптарда «Жол ережесін білейік, аман –есен жүрейік» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Мақсаты : Жол ережелерін есте сақтау, қабілетін , қызығушылықтарын арттыру.Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.Сынып сағаттарында оқушыларымыз жол ережелерін, жол белгілері бойынша сұрақтарға жауап беріліп, ойындар арқылы ойларын дамытты.  «Қауіпсіз мектеп автобусы»республикалық акциясы аясында 6-5-3 сынып оқушыларымен флешмоб би акциясы ұйымдастырылып өтілді. Акция барысында мектеп инспекторы Д.Каратаева оқушыларға жол ережереіне байланысты түсінік жұмыстарын жүргізді. Әсіресе тасымалданатын оқушыларға автобуска отырғанда қауіпсіздік белдіктерін  тағып отыру керектігі, көшеде жүргенде құлаққап киіп жүруге болмайтындығын, жан-жағына қарап сақтанып жүру керектігі туралы айтты. «Біз қауіпсіздікті қолдаймыз!»атты 5-6 сынып оқушыларына  лездеме өтілді. Лездемеде оқушыларға жолда жүру ,өмір қауіпсіздігі ережелерін үнемі қаперге алып жүру керектігі айтылды. Акция барысында өтілген шаралар әлеуметтік желігі/Фейсбукке/салынды.