Бекітемін :

Мектеп директоры :                       Р.Сапаров

 

 

1 –қыркүйек  Білім күніне арналған  «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»

атты салтанатты жиынның бағдарламасы

 

         Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар !Қош келдіңіздер, қымбатты ата-аналар мен мереке қонақтары!

      Бүгін 1 қыркүйек-білім күні. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні- өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.

       1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл олардың жадында сақталатын және тебірене еске алатын күн болады.

Бұл күн- бүлдіршіннің балалықтың бал-шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы.2019-2020 оқу жылына арналған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты  білім күніне арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Ендеше, болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, білім бұлағынан сусындауға асығып келе жатқан жаңа буын шәкірттеріміз- 1 сынып оқушыларын олардың сынып жетекшілерімен құрметпен ортаға шақырамыз.

 

1 а сынып жетекшісі  Қамеденова Тұрсынай Қадірбайқызы

1б сынып жетекшісі Кисметова Толқын Амангелдіқызы

 

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ел түрікті жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі дана халыққа

Жарасады жігер берген Әнұран.

Дайындалыңыздар !  Назар аударыңыздар !

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Туы көтерілсін.

Ту көтеру құрметіне ие болғандар :

Алтын белгіге үміткерлер :   Өмірзахова Ару Әзербайқызы

                                                  Қайырғалиева Дарья Русланқызы

                                                  Амангалиева Амина Ғимыранқызы

                                                   Нұрлыбекова Мадина Нұрлыбекқызы

/Гимін орындалады /

2019-2020  оқу жылына арналған  «   Саналы ұрпақ-жарқын болашақ   »  атты салтанатты жиынын  ашық деп жариялаймын.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Құрметпенен сөз береміз біз сізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Сапаров Ризабек Құмарұлына  жолданады.

                                                                           /Құттықтау марапаттау/

 Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиедей талайға.

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл- Фараби, Омар,ғалым Абай да.

Құттықтау сөз кезегін Бірлік селолық округінің әкімі  Бауыржан Зұлпыхарұлына беріледі.

Ән «Ұстазым» орындайтын Серікова Айнара .

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт , білім , берекем.

Шәкірттерің өрістесін , өрлесін,

Құтты болсын білім күні мерекең!
дей келе балаларын алғаш мектепке жетектеп келіп отырған ата - аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін , армандарыңызға нұр бітсін дейміз!

Келесі құттықтау сөз кезегін аудандық білім бөлімінің әдіскері  Нұрлыхан   Жамангаринге сөз кезегін жолдаймыз.

Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

Құттықтау сөз   ----------------------------------------------------------------------------------------

Қадамыңа гүл бітсін деп ел - халқың,
Қошеметпен қолын соғып тұр жалпың.
Білім ал, нұр жаусын тек талабыңа,
Ең кішкентай оқушы - қылығы алтын .1 –ші сынып оқушыларының концерттік бағдарламасына кезек  береміз.

1а сынып жетекшілері атынан сөз кезегін Кисметова Толқын Амангелдіқызына  жолдаймыз.

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың, қарағым,

Білімнің кілтін ашатын, - дей келе сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата-аналарымызға береміз.

Ән «Мектебім» орындайтын  Сарсекова Әсемгүл.

Қызыл гүл жайнады төрімде,

Қызықты күнім де, кешім де.

Алғашқы қоңырау дауысы,

Қалады мәңгілік есімде.

Соғылсын қоңырау, соғылсын,

Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.

Толқыған жүректер тоғысын

Толтырып бір арна, бір жырға.

 Шаттықтың үніндей мәңгілік

Соғылсын қоңырау, соғылсын,

Қуаныш әніндей жаңғырып

Жүректер ақ нұрға соғылсын.

Білімнің гүлін ашылған,

Терумен оқып жүр екем.

Бақытқа бізді шақырған,

Қоңырау дауысы жыр екен

 

Алғашқы қоңырау соғу салтанатты   11 а сынып оқушысы Қодаров Ержан  Жасыланұлына  1 сынып оқушысы сынып оқушыларына жолданады.

1 - қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымыз аяқталды. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!